«Kitap fest» кітап көрмесі

Шымкент қаласы қорғаныс істері жөніндегі Департаментінің әскери қызметшілері мен «Жас Сарбаз» әскери-патриоттық сынып оқушылары қала әкімдігі ішкі саясат және жастар ісі жөніндегі басқармасының «Рухани жаңғыру» бөлімінің ұйымдастыруымен «Kitap fest»  ауқымды кітап фестиваліне қатысты.

 

Көрмеде әскери қызметшілер Абай Құнанбаев, Бауыржан Момышұлының шығармалары туралы көбірек білді, ал жас сарбаздар үшін «Мобильді кітапхана» электронды кітапханасымен танысу пайдалы болды.

«Әдебиет-қоғамдағы патриотизмді дамытудың негіздерінің бірі. Әскери әдебиет арқылы әскери қызметке қатысты барлық ақпаратты алуға болады. Мұндай туындылар қолжетімді тілде жазылған және жеңіл қабылданады», — деп атап өтті Шымкент қаласы қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығының орынбасары подполковник Ринат Мадьяров

«Бұл көрме біздің әскери қызметшілеріміздің білімін кеңейтіп қана қоймай, оларды оқыған нәрселеріне эмоционалды жауап беруге, кейіпкерлердің сезімдері мен іс-әрекеттеріне жанашырлықпен қарауға үйрететініне сенімдімін. Көрмеде кітаптардың сан алуан түрлері бар, тіпті өте таңдаулы кітап сүйер қауым да мұнда өзіне қызықты дүниелерді таңдай алады»,-деп толықтырды Ринат Мадьяров.

Айта кетсек, Қарулы Күштеріміздің барлық әскери бөлімдерінің кітапханаларында немесе ақпараттық-тәрбие бөлмелерінде сақталатын өз кітап қоры бар. Өткен онжылдықпен салыстырғанда әскери қызметшілер қазір кітаптарды, әсіресе мерзімді қызметтегі сарбаздары жиі қолға ала бастады. Оларды Қазақстан тарихы, қазақстандықтардың соғыс жылдарындағы ерліктері туралы шығармалар, сондай-ақ қазақ көркем әдебиеті қызықтырады.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.