ӘЙЕЛ МЕН ЕТІК
Ертеде бір патшаның қараса көз тоймайтын аса көрікті әйелі болады. Бірақ мінезі өте нашар еді. Араларында ұрыс-жанжал жиі болатын. Жүйкесі жұқарған патша бір күні ажыраспақшы болады. Оны естіген уәзірлері патшаға кеп басу айтып:
– Жұбайыңыз өте көрікті жан, мұндай сұлу әйелді еш жерден таппайсыз,-деп мақтау айта бастайды.
Патша үн түнсіз тыңдап отырып, бір кезде:
– Етігім қалай, ұнайды ма?-деп сұрайды.
– Өте әдемі!
– Қымбат бұлғарыдан жасалынған. Патшалықтың ең танымал етікшісі арнайы мен үшін жасап берген болатын. Сондықтан менікіндей етік ешбір жерде табылмайды.
– Иә, иә, айтқаныңыздай екен – өте сәнді етік екенін мойындаймыз. Бірақ біздің сұрағымызға қандай қатысы бар мұның?
Патша былай деп қысқа жауап берген екен:
– Етігім аяғымды қысады…