ЖАҚСЫ АДАМ ЖАРЫҚ СӘУЛЕ СЕКІЛДІ…

16 желтоқсан — Тәуелсіздік мерекесіне орай Шымкент қаласы Полиция департаментінің бастығы Ералы Жұмаханбетов адал қызмет атқарып, ауыр науқастан өмірден өткен полицейдің шаңырағына барды.
Нұрболат Палжігітов – Шымкент қаласы Полиция департаментінің
Әл-Фараби ауданы Полиция басқармасы көші-қон қызметі бөлімінің аға инспекторы, полиция майоры болатын. Еңбек жолын 2011 жылы Әл-Фараби ауданы Полиция басқармасының көші-қон қызметі бөлімінде бастаған ол 9 жыл осы салада абыроймен қызмет атқарды.
Нұрболат Тастемірұлы елін шексіз сүйген, халқы үшін адал қызмет атқарып, туған жердің тыныштығын қас қақпай қорғаған үлгілі полицей болатын. Әріптестерінің ортасында сыйлы, өз қызметін асқан жауапкершілікпен атқаратын батыл болмысты азаматтың қадірлі бейнесі мәңгі жадымызда сақталады.
Нұрболат Тастемірұлының қазасын Шымкент қаласы Полиция департаменінің жеке құрамы ауыр қабылдады. Себебі, ауруынан сауығып кетер деген үміт болды. Бүгінде Нұрболаттың артында 2 қыз бір ұлы қалды. Департамент қызметкерлері балаларға ноутбук сыйлап, Тәуелсіздік күнімен құттықтады.
«Мереке құтты болсын. Зор бақыт тілеймін. Балаларыңыз аман болсын. Ауырмаңыздар. Тек жақсылықта жолығайық»,-деді Шымкент қаласы Полиция департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Ералы Жумаханбетов.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.