ТҮРКІСТАН: ПОЛИЦЕЙЛЕР МЕН ӨРТ СӨНДІРУШІЛЕРДІҢ ЖАҢА ҒИМАРАТТАРЫ БОЙ КӨТЕРДІ
Өмірзақ Шөкеев Түркістандағы бірқатар стратегиялық маңызды құрылыс алаңдарындағы жұмыс барысымен танысты. Мердігер компания басшыларымен кездесіп, тапсырмалар жүктеді. Құрылысты кестеге сәйкес аяқтауды міндеттеп, сапаға басты назар аударуды ескертті.
Облыстық полиция департаменті ғимараттары кешенінің құрылысы қыркүйек айында басталған. Келер жылы пайдалануға берілмек. 4 қабатты ғимараттың ауданы – 15 365 м2. Құрылыс-монтаж жұмыстары қарқынды жүргізулуде. Сондай-ақ Түркістан қаласындағы №5 әкімшілік ғимаратының құрылысы (ДГД) да қарқынды. Ғимараттың жалпы ауданы – 8843,82 м2. Бүгінгі таңға шатыры жабылған, ішкі және сыртқы әрлеу жұмыстары жүргізілуде.
Түркістан қаласындағы Төтенше жағдайлар департаменті мен өрт сөңдіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі мемлекеттік мекемесінің ғимараты 3 мың шаршы метр. 3 қабатты ғимараттың іргетасы қаланып, қабырғасы көтерілген.