Әскери қызметшілердің отбасыларымен жұмыс қорытындыланды
Шымкент гарнизонының әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлері әскери бөлімінің әскери қызметшілерінің отбасы мүшелерімен жұмысты ұйымдастыру қызметі 2020 жылдың қорытындысын шығарды.
Қызмет басшысы Меруерт Жұбанованың айтуынша, ағымдағы жылы әскери қызметшілердің отбасыларымен жұмыс қызметкерлері 600-ден астам әскерилердің отбасыларна барып, 20-дан астам жаңадан тағайындалғандардың балаларын мектепке дейінгі және орта білім беру мекемелеріне орналасуына, ал «Біз біргеміз!» акциясы аясында 30 отбасыға азық-түлік себеті түрінде көмек көрсетіліпті.
«Біз жас отбасыларға, сондай-ақ жақында қызмет орнын ауыстырғандарға көп назар аударамыз. Егер зерделеу барысында біз проблема туралы білетін болсақ, оларды дереу бөлім басшылығына жеткізіп, мәселенің шешілуін қадағалаймыз. Отбасындағы жағдай мен атмосфера әскери қызметшілердің өз міндеттерін сапалы орындауына тікелей әсер етеді. Бұл жерде ерлі — зайыптылардың позициясы мен ұқыптылығы өте маңызды», — деп қосты ол.
Жақсы көңіл-күй мен қызметке деген оң көзқарас көбінесе отбасыда қалыптасады. Әскери қызметші балаларды мектепке және балабақшаға орналастыру, әскери қалашықтардағы отбасының бос уақыты туралы алаңдамауы шарт, ал ұзақ уақыт іс-сапарда немесе оқу-жаттығуда болған жағдайда, оның отбасының жағдайы жақсы болатынына сенімді болуы тиіс.
Әскери қызметшілердің отбасы мүшелерімен жұмысты ұйымдастыру жөніндегі қызметі бөлім басшылығына әскери қызметшілерге патриоттық тәрбие беруде, көп балалы және жас отбасылардың әлеуметтік-тұрмыстық мәселелерін шешуде көмек көрсетеді. Сонымен қатар, балалардың бос уақытын ұйымдастырады және әскери қызметшілердің әйелдерін жұмысқа орналастыруға көмектеседі.
Бүгінгі күні Шымкент гарнизонының әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің әскери бөлімі мен бағынысты бөлімшелерінде 200-ден астам жас отбасы, 150-ге жуық көп балалы отбасы, мүмкіндіктері шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған 20-ға жуық отбасы бар. Бұл отбасыларда барлығы 2000-ға жуық бала тәрбиеленуде, олардың 900-ден астамы жалпы білім беретін мекемелерге барады.