ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ТЕМІР БЕТОН БҰЙЫМДАРЫН ӨНДІРЕТІН ЗАУЫТ САЛЫНАДЫ

Түркістан облысы Келес ауданында 6 ірі кәсіпорын жұмыс істейді. Олар, «Мерген-Н» ЖШС, «Оңтүстік жол сервис» ЖШС, «Келесгидрострой» ЖШС–нің «Рысжан» шағын ГЭС және «Қошқарата» шағын ГЭС, «ТМстрой 21» ЖШС, «Көшім» ШҚ. Ағымдағы жылы кәсіпкерлік саласында 9 индикаторлық көрсеткіш бекітілген. Келес аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Мадияр Әшірбаевтың мәлімдеуінше, 2015-2019 жылдарға арналған «Индустриалды инновациялық даму» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде, кәсіпкерлікті қолдау картасына жалпы құны 998,4 млн.теңгені құрайтын 3 жоба енгізіліп, жалпы құны 771,0 млн. теңгені құрайтын 2 жоба 2020 жылы ал, жалпы құны 227,4 млн.теңгені құрайтын 1 жоба 2021 жылы іске қосылуы жоспарланып отыр.

Сәйкесінше 2020 жылғы жоспарға, жалпы құны 771,0 млн. теңгені құрайтын 2 жоба («ТМстрой 21» ЖШС-нің Бірлік ауылдық округі аумағынан жалпы құны 520,0 млн.теңгені құрайтын күйген қыш шығаратын зауыты және «AIBI-I (АИБИ-АИ)» ЖШС-нің Біртілек ауылдық округі аумағынан жалпы құны 251,0 млн.теңгені құрайтын күйген қыш шығаратын зауыты) толығымен іске қосылды. Мемлекеттік қабылдау актісі әділет басқармасына тіркелді.

Ал, 2021 жылы ЖК «Қашқынбаев Б.Ж.» Келес ауданы, Біртілек ауылдық округі аумағынан жалпы құны 227,4 млн. теңгені құрайтын темір бетон бұйымдарын өндіретін зауыттың құрылысы жоспарланып, қазіргі таңда өзіне тиесілі 6,0 га жер учаскесіне іргелес жатқан ауданның арнайы жер қорында тұрған 2,0 га жер учаскесі бөлініп, жер қойнауын игеруге арналған  рұқсат берілген. Қазіргі таңда  кәсіпорын орналасатын жер учаскесін тегістеу және жарықтандыру бойынша жұмыстары аяқталды.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.