Шымкент: «Таза қала» сауықтыру іс-шараcы өткізілуде
Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлерімен ағымдағы жылдың 13 қаңтары мен 13 ақпан аралығында қала аумағында «Таза қала» іс-шарасы өткізілуде.
«Таза қала» іс-шарасының мақсаты қоғамдық орындарда және қала көшелерінде тәртіпті сақтауға, абаттандыру және санитарлық нормалар ережелерін бұзу, қоғамдық орындардың ластануы, белгіленбеген орындарда коммуналдық қалдықтардың тасталуын, экологиялық құқық бұзушылықтарды анықтауға және жолын кесуге бағытталған. Сондай-ақ, аталған іс-шара барысында қаңғыбастар мен қайыршыларды анықтау, оларды ұстау және арнайы қабылдау-тарату орнына орналастыру, олар бойынша әкімшілік шаралар қабылдау, тұрғылықты жері бойынша есепте тұрған адамдарды тексеру, іздеудегі адамдарды ұстау, автокөлікті жөндеу орындары мен темір қабылдау пункттерін тексеру жұмыстары жүргізілуде.
Іс-шараның бір тәулігінде барлығы 379 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды.
Оның ішінде ҚР ӘҚБтК-нің 505-бабы (Қалалар мен елдi мекендердiң аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзу, сондай-ақ қалалар мен елді мекендер инфрақұрылымы объектілерін бұзу, жасыл екпелерін жою және бүлдіру) бойынша — 146 құқық бұзушылық тіркелді;
— ҚР ӘҚБтК-нің 434-2 бабы (коммуналдық қалдықтарды тастау) бойынша — 67 жайт;
— ҚР ӘҚБтК-нің 334 бабы (Шығарындыларда ластаушы заттардың болуы нормативтерден асып кететін автомотокөлiктерді және басқа да жылжымалы құралдарды пайдалану) бойынша 18 құқық бұзушылық анықталып әкімшілік жауапкершілікке тартылды;
— ҚР ӘҚБтК-нің 630 бабы (Жолдарды, темiржол өтпелерiн және басқа жол құрылыстарын бүлдiру) бойынша 52 құқық бұзушылық, және өзге де құқық бұзушылықтар.
Жалға берілетін 223 пәтер тексерілді.
Одан бөлек, қайыршылық жасап жүрген 35 тұлға анықталып, қабылдау-тарату орынына орналастырылды.
Сонымен қатар, карантин режимін бұзу жайттарын анықтау анықтау мақсатында арнайы топ құрылып, карантин режимін сақтамаған жалпы 43 нысан анықталды.