ТҮРКІСТАН: ГУМАНИТАРЛЫҚ КӨМЕКТІҢ ТОЛЫҚ ТАРАТЫЛУЫН ДЕПАРТАМЕНТ ТҰРАҚТЫ ҚАДАҒАЛАУДА

Түркістан облысына Шеврон және Юнисеф компанияларынан дәрі-дәрмектер және қорғаныс құралдары гуманитарлық көмек ретінде келді.

Осыған орай, «Түркістан – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің менеджерлері аталмыш гуманитарлық көмектің облыстық қоғамдық денсаулық басқармасына толық орналастырылуын бақылап, келіп жеткен барлық медициналық көмекке «ТЕГІН» деп көрсетілген арнайы белгілерді қою арқылы гуманитарлық көмектің заңсыз сатылымға шықпауын қадағалады.

Гуманитарлық көмек жақын күндері Түркістан өңіріне қарасты барлық қала/аудандарда орналасқан мемлекеттік емдеу мекемелеріне жеткізіліп, қала/аудандардағы жергілікті «Адалдық алаңының» менеджерлері толық тасымалдануын жіті бақылайтын болады.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.