МҰҒАЛІМ ЕҢБЕГІ ОҚУШЫНЫҢ ЖЕТІСТІГІМЕН ӨЛШЕНЕДІ

Әр ауданда өз жұмыстарымен көш басынан көрініп жүрген білім ордалары бар. Соның бірі – Шардара қаласындағы №12 мектеп. Данияр Төлепов басшылық ететін бұл мектеп өткен жылды көптеген жетістіктермен қорытындылады.

Иә, қазіргі онлайн жағдайда білім беру үрдісін ұйымдастыру қиындай түскені анық. Қашықтықтан оқыту кезінде мұғалімге де, оқушыға да көп ізденуге, екі есе артық еңбектенуге тура келді. Мектеп директорының айтуынша, 5-6-сыныптар арасында дарынды балаларды анықтау мақсатында математика, жаратылыстану, қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі және Қазақстан тарихы пәндерінен қашықтықтан кезекті мектепішілік олимпиаға 40 оқушы қатысып, әр пән бойынша I орынды иеленген 12 оқушы аудандық кезеңге қатысуға жолдама алды.Сондай-ақ, оқушыларды облыстық, республикалық олимпиадаларға қатысуға дайындаған пән мұғалімдерінің де еңбектері жанды. Атап айтсақ, математика пәнінің мұғалімі Батима Кантемирова республикалық ғылыми-әдістемелік орталығы ұйымдастырған«Ұстаз тілегі» олимпиадасына 8-сыныптардан 5 оқушыны, 9-сыныптардан 4 оқушыны қатыстырып,барлығы да жүлделі орындардан көрінді. Ал, «Ақбота» республикалық зияткерлік марафонына 30 оқушы қатысып, I орынды 7 оқушы,  II орынды 12 оқушы, III орынды 6 оқушы иеленсе, «Британский Бульдог» халықаралық конкурсына 5 оқушы қатысып, оның екеуі – 10-сынып оқушысы Байбек Бибігүл мен 9-сынып оқушысы Айтбек Меруерт жүлделі орыннан көрінді.

Ал «Самұрық» республикалық зияткерлік байқауынан 7-сыныптан А.Талдыбек, 6-сыныптан М.Миняшар, С. Абдикарим, Н.Мансур және А. Мусабек, 5-сыныптан Е.Бақыт, Б.Мансұр, Ә.Бердібек және А.Нұрмұрад жүлделі оралды.

Ұлы Абайдың 175 жылдығына арналған оқушылардың халықаралық ғылыми-танымдық конференциясында көркем еңбек пәні бойынша «Қос үй» тақырыбында жасалған ғылыми жобасы үшін 6-сынып оқушысы Балнұр Базарбай, «Шатыргүл» тақырыбында жасаған ғылыми жобасы үшін 5-сынып оқушысы Айдын Алишер, «Ақ отау» тақырыбында жасаған жұмысы үшін  6-сынып оқушысы Құдайберген Ақерке (жетекшісі Ж. Мырзамұратова) I дәрежелі дипломдармен марапатталғанын да айта кетейік.

Одан бөлек оқушылардың ғылыми жұмыстары да өз жемісін бере бастаған. Мәселен, «Жас ғалым» атты оқушылардың ғылыми қоғамы жыл сайын «Ізденіс жолы – ізгілік нұры» тақырыбында мектепішілік ғылыми конференция өткізіп, үздік деп танылған жұмыстарды аудан көлемінде өткізілетін жарыстарға ұсынып отырады. Өткен оқу жылында облыстық «Зерде» зерттеу жұмысы байқауында 8-сынып оқушысы Айсара Дауылбай байқаудың аудандық кезеңіне, 9А-сынып оқушысыСамат Уалиұлының «Тамшылатып суару әдісі өнімділікті арттырады» тақырыбындағы ғылыми жобасы (жетекшісі Г.Кенжеева), 9А-сынып оқушысы Бекзада Сатыбалдидың  «МаthCad программасы» тақырыбындағы ғылыми жобасы (жетекшісі А.Пердебаева), 8Б-сынып оқушысы Балжан Халбаеваның «Қазақтың ырым-тыйым сөздері» тақырыбындағы ғылыми жобасы (жетекшісі М.Зулбухарова), 8Ә-сынып оқушысы Томирис Айтуованың «Числа в пословицах и поговорках» тақырыбындағы ғылыми жобасы (жетекшісі Ф.Кантуреева),10А-сынып оқушысы Аяулым Тулегенның «Күн энергиясын кемеге пайдалану» тақырыбындағы ғылыми жобасы (жетекшісі А.Булегенова) аудандық білім бөліміне ұсынылды. Осы жұмыстардың ішінен Томирис Айтуованың ғылыми жобасы аудандық кезеңнен I орынды иеленді, ал Бекзада Сатыбалдидың және Самат Уалиұлының жобалары аудандық кезеңде үздік деп танылып, облыстық байқауға іріктеліп алынды.

Міне, осындай жетістіктерді бағындырып жүрген оқушылардың мұғалімдері де түрлі байқауларда жүлделі орындардан көрініп жүр. Атап айтсақ, Алматы қаласындағы Ұлттық кітапханада А.Құнанбайұлының 175жылдығы және Әл Фараби бабамыздың 1150 жылдығына орай көркем еңбек пәнінің мұғалімдері арасында «Ғасырлар толғауы» атты онлайн көрмесі өтіп, оған мектептің мақтаулы мұғалімдерінің бірі Жанар Мырзамұратова қатысып, ұстаздың үздік туындылары «Бабалар аманаты» атты кітапқа енді. Ал, аудандық «Өнерлі ұстаз» байқауында қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі Клара Бурибекова I орынды иеленді.

Мектеп директоры Данияр Төлеповтің айтуынша, қашықтықтан ұйымдастырылған IV облыстық «Ең білімді педагог – 2020» пән олимпиадасы өтіп, оған мектебімізден 15 мұғалім қатысты.Нәтижесінде дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Н.Налибаев бас жүлдені олжаласа, математика пәнінің мұғалімі Р.Ақбаев, қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі  К.Бурибекова, ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Г.Мурзабаева I орыннан көрінді. Ал, математика пәнінің мұғалімі Б.Кантемирова мен бастауыш сынып мұғалімі А.Төлегенова жүлделі III орынға ие болды.

«Аудан ұстаздарының шығармашылық және кәсіби өсуін ынталандыру, озық тәжірибелерін анықтау және тарату мақсатында «Үздік әдістемелік калейдоскоп» облыстық сырттай байқауының  аудандық  кезеңіне  директордың ғылыми әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары Ж. Еспембетова ғылыми жоба жұмыстары бағыты бойынша аудандық кезеңнен I орынды, облыстан II орынды иемденсе, ал бастауыш сыныптар бойынша бірлестік жетекшісі А.Бохаева аудандық кезеңнен II орынды жеңіп алды», -дейді ұжым басшысы.

Мектептің педагог-психологы К.Әкімбаева «Бестерек» жобасы аясында өзінің біліктілігі мен іскерлік қабілетін ұштастыра отырып, оқушылардың психологиялық ахуалын жақсартуға үлес қосқаны үшін Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасының «Алғыс хатымен» марапатталғанын да айта кетейік. Осылайша мақтаулы мектеп ұжымы өткен жылды толағай табыстармен қорытындылады.

К.САҒЫНДЫҚҚЫЗЫ.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.