ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИ АУДАНЫНДА СПОРТТЫҚ НЫСАНДАР БОЙ КӨТЕРЕДІ

   Төлеби ауданында Көксәйек және Мәдени елді мекенінен спорт кешендері бой көтеретін болады. Қазіргі таңда жобалық-сметалық құжаттарының оң қорытындысы алынып, облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасына ұсынылған. Сонымен қатар, Бірінші Мамыр елді мекенінде заманауи үлгідегі спорттық-сауықтыру кешенін және футбол алаңшасын салу үшін 2,50 га жер телімін бөлу жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ, Момынай және Киелітас елді мекендерінен ауылдық мәдениет үйлерінің құрылысын салу үшін демеушілер есебінен жобалық-сметалық құжаттары әзірленуде.

Айта кетерлігі, жыл сайынғы «Үздік елді мекен», «Үздік көше» және «Үздік аула» номинациясы бойынша жүлделі орын иеленген Киелітас, Қоғалы, Зертас және Тасарық ауылдық округтеріне балалар ойын алаңшасын орнатуға 30 млн теңге қаржы қаралған. Аталған ауылдық округтерде балаларға арналған ойын алаңшалары орнатылатын болады.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.