ТҮРКІСТАН: «ПАРАСАТТЫЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНДА» ТҰРҒЫНДАРДЫ АЛАҢДАТҚАН ТҮЙТКІЛДІ МӘСЕЛЕЛЕР БОЙЫНША ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗІЛДІ
2020 жылы ел игілігіне берілген «Парасаттылық орталығында» кеңсеге келіп түскен өтініш-шағымдар бойынша мемлекеттік органдардың басшылық тарапынан тұрақты негізде қоғамдық қабылдаулар ұйымдастырылып, тұрғындарды мазалаған мәселелер «Парасаттылық орталығы» арқылы жедел шешімін табу қарастырылған болатын.
Осы мақсатта, ағымдағы жылдың 18 қаңтар күні «Парасаттылық орталығында» Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Мұрат Абдрахманов тұрғындармен жеке қабылдау өткізіп, салық, кеден заңдылықтарды қолдану барысында туындаған өзекті сауалдарға нақты жауап берді.
Аталған Департамент мамандары азаматтардың барлық түйткілді сауалдарына жедел және тиімді жауап берулі көздейтін «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын басшылыққа ала отырып, қабылдауға келген жеке кәсіпкерлердің мәселелерін шешу жолдарын талқылады.
Атап айтсақ, кәсіпкерлікті қолдау мақсатында жалдамалы жұмысшыларға салықтан қандай жеңілдіктер қарастырылғаны және көлік салығының көлемі не себепті өсетіні, қазіргі таңда төлеу мерзімі қай уақытқа дейін ұзартылғаны сынды сауалдарға толыққанды ақпараттар берілді.
Сондай-ақ, «Symbol Turkistan» ЖШС өкілі Қазақстан Республикасына асыл тұқымды жылқыларды әкелу және тірі жануарларды арнайы экономикалық аймақта кедендік тазалау кезінде сақтау тәртібі бойынша сауал көтеріп, ол бойынша ЕАЭО комиссиясының «ЕАЭО ветеринарлық-санитарлық шараларды қолдану» шешіміне сәйкес, ветеринарлық сертификат алу қажетілігі түсіндірілді.
Сонымен қатар, «Салитер» ЖШС өкілі ағаш материалдарын Қазақстан аумағынан шығаруға рұқсат берілу жөнінде және қара темір сынықтарын шығару шектеулері бойынша қойған сауалдарына толымды жауап алды.
Айта кетсек, қала тұрғындарының талап-тілегіне құлақ түріп, азаматтарға тегін құқықтық кеңес беру арқылы заң шеңберінде проблемалық мәселелердің шешу жолдарын жедел қарастыратын «Парасаттылық орталығында» алдағы уақытта бекітілген кестеге сәйкес, Түркістан облысына қарасты аумақтық Департамент басшылары тұрақты негізде өңір тұрғындарымен жеке қабылдаулар өткізетін болады.