«АДАЛДЫҚ АЛАҢЫНЫҢ» ӨКІЛІ «АШЫҚ ӘКІМДІК» АЛАҢЫНДАҒЫ ЖҰМЫС ПРОЦЕСІМЕН ТАНЫСТЫ

2020 жылдың соңында облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің қатысуымен халықпен ашық пікір алмасуға арналған «Ашық әкімдік» кеңсесінің тұсауы кесіліп, жаңадан бой көтерген басқармалар үйінің бірінші қабаты мемлекеттік қызметтің ашықтығы мен қолжетімділігін көздейтін алаң ретінде ел игілігіне берілген болатын.

Осыған орай, бүгін киелі өңірге арнайы жұмыс сапарымен келген Қазақстанның цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Рафаэль Гасанов «Ашық әкімдік» кеңсесіне бас сұғып, өңір тұрғындарының алдын-ала жазылуынсыз мемлекеттік орган өкілдерімен тікелей кездесуіне мүмкіндік беретін және түйіткілді мәселелерінің шешімін табуын жедел қарастыратын жаңа нысанның жұмыс барысымен танысты.

Айта кетсек, бұл кеңсе халыққа барынша қолайлы қызмет көрсетудегі маңызды қадам болып отыр.

Бірыңғай кеңседе өтініштермен жұмыс жасайтын жалпы саны 21, тікелей мемлекеттік қызмет көрсетілетін 16 облыстық басқармалардың мамандары қамтамасыз етілген.

Жұмыс барысымен танысу барысында Р.Гасанов «Ашық әкімдікте» азаматтар үшін күту залы, тегін wi-fi, банкоматтар және арнайы e-gov порталына қосылған терминалдар орнатылғанына, сондай-ақ арнайы жасақталған «open space» залы арқылы тұрғындардың жеке мәселелері бойынша қабылдау өткізілетініне көз жеткізіп, халық үшін қолға алынған тиімді бастамаға оң бағасын берді.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.