Асқар Жұмаділдаев, академик: Шенеуніктер білім саласын – реформа өткізетін сынақ алаңына айналдырды
Тәуелсіздіктің ширек ғасырында мұнайдан басқа «бренд» таппадық. «Неге?» деген сұрақ жанымызды жегідей жеп, намысымызды қамшылау керек еді. Бұл ретте үкімет пен Білім және ғылым министрлігінің басына келген тұлғалар түн ұйқыларын төрт бөлуге тиіс болатын, Бізде бәрі керісінше болды. Шенеуніктер білім саласын реформа өткізетін сынақ алаңына айналдырды. Балалардың басы қатты. Мұның зардабы ондаған жылдан кейін су бетіне шығады.
«Сөздің парқы» деген ұғым бар. «Істің парқы» деген ұғым бар. Батыс елдерінің, мысалға ағылшын азаматының отаншыл болып келетін себебі – оларда, ең алдымен, іс жүреді. Ал, біздің қазаққа келсеңіз, ісі артта қалады да, сөзі озып кетеді. Әлемде «Ұлттық кодымыз қандай?» деп жанталасып, Күлтөбенің басында күнде жиын құрып жатқан ел – біз ғана. Заңда бар ма, бітті – істеуге мідеттісің! Эмоцияңды қалтаңа салып қой, үйіңе барғанда, кемпіріңе айтасың…
«ЖЖ»