Дос Көшім: Өкінішке орай, мемлекет – қазақтікі болмай тұр…

Менің ұстанымым бойынша, жер – мемлекеттікі емес, қазақ халқынікі. Олар осы жерді иемденді, қорғап қалды, осы жерге мемлекетін орнатты. Өкінішке орай, мемлекет қазақтікі болмай тұр…

Жер комиссиясы кезінде «Жер алпауыттарының қайсысында қанша жер бар?» деген сұрағымызға да жауап ала алмадық. Мемлекет бізге жер иемденіп отырған ТОО-лардың тізімін берді, бірақ “Сол ТОО-лардың қожайындары кімдер?” деген сұрағымыз жауапсыз қалды.

Өз басым, басқа елдің азаматы болып жүрген қазақтарға Қазақ елінің жерін пайдалану құқығын беру мәселесін көтеру әлі ерте деп білемін. Ал ұлты қазақ инвесторларға ерекше жағдай жасау, оларға белгілі бір жеңілдіктер беру – көптеген елде бар, кейде заңды жолмен, ал кейде үнсіз, «ішің білсінмен» жасалатын қадамдар.

 

Abai.kz

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.