Ғарифолла Есім, академик: Сондықтан әр қазақ бай болуы керек

Шағын және орта бизнес деп жүрміз. Бізде орта бизнес жоқтың қасы. Ал шағын бизнес деп жүргеніміздің дені микробизнес екен. Ол бес-алты адам ғана жұмыс атқаратын орталық. Алаулатып-жалаулатып жатқан құрғақ сөз көп.

Бірақ шағын бизнеске жасалып жатқан жағдай жоқ. Өтірік есеп, бос сөз.

Дәл қазір қазаққа ақша керек. Неге біздің қазақ шетелге қыдырмауы керек? Неге жақсы үйде тұрып, жақсы өмір сүрмеуі керек? Неге қазақ пәтерден- пәтерге көшіп, біреудің қоқысын тазалауы керек? Осы қазақты неге тұқырта береміз? Ақша тапса да, тиын тапса да сынаймыз. Бұл қандай психология?

Қазақ кедей. Оны осы індет кезінде анық көрдік. Халық аш қалды. Айдың-күннің аманында қарынның қамын күйттеп кеттік. Қалай күн көріп жатқанымызға таңғаламын? Сондықтан әр қазақ бай болуы керек. Бай болуға тиіс. Ақша табу ешқандай қазақылыққа кереғар қылық емес.

«ҚД»

 

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.