ТҮРКІСТАН: БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНЫҢ МАМАНДАРЫНА ЗАҢНАМАҒА ЕНГІЗІЛГЕН ТОЛЫҚТЫРУЛАР МЕН ТҮЗЕТУЛЕР ТАНЫСТЫРЫЛДЫ
Бүгінгі күні Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаментінің жанынан құрылған облыстық ақпараттық-ағартушылық штабының мүшелері киелі өңірде халықпен тең отырып тілдесуді және сол арқылы сыбайлас жеморлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруды көздейді. дәріптеуді жүйелі түрде жүзеге асыруда.
Осы орайда, бүгін облыстық үгіт-насихат Штабының төрағасы Ерұлан Тұңғышбаев Түркістан қалалық білім бөлімінің әдіскерлері мен мектеп директорлары арасында Мемлекет басшысы қол қойған ҚР-ның Қылмыстық және қылмыстық-процестік кодекстеріне қылмыстық процесте азаматтардың құқықтарын қорғауды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды күшейту мәселелері бойынша енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды таныстырып, ақпараттық-ағарту жұмыстарын жүргізді.
Сондай-ақ, облыстық штаб жетекшісі адалдық, туралық құндылықтарын кең көлемде дәріптеу мақсатында құрылған Штабтың негізгі мақсат-міндеттерін ортаға салып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру — әрбір ел азаматына жүктелген ортақ міндет екендігін жеткізді.
Білім беру саласының мамандарымен өткен келелі жиынның соңында жиынға қатысушылар тарапынан қойылған сауалдарға толымды жауап беріліп, жас ұрпақты адал біліммен сусындату – ел ертеңі үшін айрқша басымдыққа ие екендігі ортаға салынды.
Айта кетсек, Түркістан облыстық ақпараттық-ағарту Штабы 2019 жылдың 25 желтоқсан күні құрылып, оның құрамына облыстың зиялы қауым өкілдерінен құралған жалпы саны 100-ге жуық азамат енген болатын.