ОТЫРАР АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ ТАБИҒИ ГАЗБЕН ҚАМТЫЛУДА

Түркістан облысы, Отырар ауданының тұрғындарын табиғи газбен қамту мақсатында 8 елдімекенде газ құбырларының құрылыс-монтаждау жұмыстары аяқталып,  желтоқсан айында Жаңа Шілік, Ескі Шілік, Ақтөбе елдімекендерінің халқы табиғи газбен қамтылды. 2021 жылдың  ІІ тоқсанында  Ш.Қалдаяқов, Қарақоңыр, Қоғам, Ынталы және Мыңшұқыр елдімекендеріне табиғи газ беру жоспарланып отыр.

Тағы төрт елдімекеннің газ құбырларының құрылыс жұмыстары жүргізіліп, биыл Шәуілдір, Темір, Талапты, Қостүйін елдімекендеріне газ жеткізіледі. Биылғы жылға 10 елдімекеннің газдандыру жұмыстарына тиісті қаржылар қарастырылып, ағымдағы жылы құрылыс жұмыстары басталатын болады. Нәтижесінде 5 мыңға жуық отбасы табиғи газбен қамтылады. Отырар өңірінде 54 мыңнан астам халық тұрады. 38 елдімекен, 13 ауыл округі бар.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.