Штабтық жаттығулар: жоспарлау, басқару, үйлесімділік
Өңірлік қолбасшылықтар әскерлері (ӨңҚ) мен әскер тектері қолбасшыларының басқармасынада бірлескен штабтық жаттығулар өтті. Олар Қарулы Күштердің 2021 оқу жылындағы даярлық жоспары негізінде өтті.
Штабтық жаттығулар барысында шешім қабылдау, операцияларды жоспарлау, әскери басқару органдарын үйлестіру, өзара іс-қимылды ұйымдастыру және іс-шараларды жан-жақты қамтамасыз ету міндеттері орындалды.
«Батыс», «Астана» өңірлік қолбасшылықтарының басқармасындажәне Десанттық-шабуылдау әскерлерінде арнайы әскери операцияны даярлаумәселелері пысықталды.«Шығыс» өңірлік қолбасшылығында әскерлері берілген бағытқа жылжыды.
— Біз штабтық жаттығу барысында қазіргі заманғы қарулы қақтығыстартың тәжірибелерін қарастырдық, жауынгерлік іс-қимыл барысын және ұшқышсыз ұшу құрылғыларының ерекшелігін талдадық. Басқа әскери құрылымдармен өзара іс-қимыл мәселелерін пысықтадық. Өткен жаттығуда мақсатқа қол жетіп, қойылған тапсырмалар орындалды деп ойлаймын, – деді Десанттық-шабуылдау әскерлерінің қолбасшысы генерал-майор Қаныш Әбубәкіров.
Бұдан өзге, ҰҚК Шекара қызметінің басқару органдарымен, ІІМ Ұлттық ұланмен өзара іс-қимыл мәселелері пысықталды.
— Кез-келген оқиғағаәрқашан дайын болуымыз керек. Осындай жаттығуларды өткізу кезінде Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың бірлескен іс-қимылының үйлесімділігі тексеріледі, – деп «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысының штаб бастығы полковник Қуанышбек Ұштаев атап өтті.
Аталған іс-шаралар жедел құжаттарды әзірлеу және жедел-тактикалық есептерді жүргізу жөнінде практикалық дағдыларды дамытуға ықпал етті. Олар бірыңғай кешенді стратегиялық міндеттер аясында шұғыл өтті.