БИЗНЕСТІ ҚОРҒАУ — СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ ШАРАЛАРЫНЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТЫ
Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі қызметінің бір бағыты — бизнесті қорғау, оның дамуына қолайлы жағдай жасау.
Осы орайда, бүгін Департамент қызметкерлерімен кәсіпкерлер арасында «Protecting Business and Investments» жобасы аясында түсіндіру жұмыстары өтті.
Жиынның негізгі мақсаты — кәсіпкерлер үшін сыбайлас жемқорлық деректері бойынша қысымдарды төмендету мен кәсіпкерлердің жемқорлыққа ықпал ететін себептер мен жағдайларды жоюға белсенді қатысуын қамтамасыз ету.
Іс-шара соңында жиынға келген кәсіпкерлер өздерінің көкейлерінде жүрген сауалдарын қойып, түйіткілді жауаптарын алды. Атап айтсақ авторлық құқық заңы бойынша және қазіргі таңда карантиндік режимде жұмыс жасау жайлы сұрақтарға жауап берілді.
Еске сала кетейік, бүгінгі күнге Департамент жалпы сомасы 600 млрд. теңгеден асатын 50 жобаны сүйемелдеуді жүзеге асыруда.
Қосымша айта кетейік, бүгінгі жиынның қорытындысымен кәсіпкерлердің мәселелерін талқылау және дер кезінде шешу мақсатында бірқатар мемлекеттік орган басшыларының және кәсіпкерлердің қатысуымен кездесу ұйымдастырылатын болады.
Егер сіздің сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеуге өтінім беру және келісімге қосылу туралы сұрақтарыңыз болса, +7 (776) 837-09-00 телефондары арқылы жобалық кеңсенің үйлестірушілеріне жүгіне аласыз!