ЗАҢСЫЗ ЖОЛАУШЫЛАР ТАСЫМАЛЫНА БІРЛЕСКЕН РЕЙДТІК ШАРАЛАР ЖҮРГІЗІЛДІ
Ағымдағы жылдың 4 ақпаны күні Түркістан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының ұйымдастыруымен Кентау қаласына қарасты Ынтымақ елді мекені маңында заңсыз жолаушылар тасымалына қарсы бірлескен рейдтік шаралар жүргізді.
Рейд жұмыстарын жүргізген мобильді топтың құрамында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаментінің аға офицері Ақтөре Талғатұлы мен «Түркістан — Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің менеджерлері болды.
Жүргізілген рейдтік шаралардың нәтижесінде, заңсыз тасымалдаумен айналысқан қоғамдық көліктерге Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне» сәйкес, 4 әкімшілік хаттама толтырылды. Мұндай рейдтік іс-шаралар алдағы уақытта тұрақты түрде жүргізілетін болады.
Айта кетсек, 2020 жылы басқарманың, аудан, қала әкімдіктерінің қатысуымен жалпы 434 рейдтік іс-шара өткізіліп, 1605 әкімшілік хаттама түзілген.
Бұл ретте, заңды тасымалдаушылар Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі «Автомобиль көлігі туралы» Заңына және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 26 наурыздағы «Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидаларын бекіту туралы» № 349 бұйрығына сәйкес, жолаушыларға қызмет көрсетуі тиіс.