Түркістан: Түркістан қаласында ауыр жүк көліктеріне рейдтік жұмыстары жүргізілді

Бүгін ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті облыстық көліктік бақылау инспекцияның көшпелі бақылау бекетімен бірлесіп, «Сапалы жол – Адалдық алаңы» жобасы аясында Түркістан — Шымкент бағытындағы тас жолында ауыр жүк көліктерінің ішкі тәртібіне заң аясында рейдтік жұмыстары жүргізілді.

Жүргізілген кешенді мониторингтік жұмыстардың негізгі мақсаты – ауыр жүк көліктерінің шамадан тыс жүк артуын тоқтату және жаңадан төселген тегіс жолдардың бұзылмауына жол бермеу.

Жүргізілген рейдтік жұмыстарына «Түркістан – Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің менеджері Е.Әдиат, облыстық көліктік бақылау инспекцияның бөлім басшысы Б.Бауыржанұлы және облыстық көліктік бақылау инспекциясының қызметкерлері қатысты.
Рейдтік шара кезінде жалпы саны 15 аса ауыр жүк тасымалдаушы жүк көліктері тоқтатылып, артылған жүк пен тиесілі құжатының сәйкес болуы және заңмен бекітілген шамадан аспау керектігі жөнінде мамандар тарапынан жүк тасымалдаушыларға арнайы кеңес берілді.

Бақылау барысында жүк көліктерін арнайы таразыға салу арқылы жүктің салмағын бақылауға алып, нәтижесінде анықталған заң бұзушылықтарға әкімшілік 3 хаттама толтырылып, құны 132368 (жүз отыз екі мың үш жүз алпыс сегіз) теңге көлемінде айыппұл салынды.

☑️☑️Алдағы уақытта сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын-алу және жол жүру ережесін қамтамасыз ету мақсатында рейдтік іс-шаралар жалғасын табатын болады.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.