22 жыл ішкі істер органында қызмет атқарған анықтаушы зейнетке шықты

Шымкент қаласы Полиция департаментінің Қаратау ауданы Полиция басқармасы анықтау бөлімі бастығының орынбасары полиция подполковнигі Азадов Тофик Ордабекұлы зейнетке шықты. Осыған орай, Шымкент қаласының Полиция департаменті бастығының орынбасары Серік Ергешов, Тергеу және Анықтау басқармаларының басшы құрамы 22 жыл ішкі істер органдарында адал қызмет еткен тәртіп сақшысына құрмет көрсетіп, сый-сияпат табыстады.
Азадов Тофик Ордабекұлы 23.08.1978 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Бөген ауданында туылған. 1999-2021 жылдар аралығында ОҚО ІІБ-сы, әрі қарай Департаментінде тергеу және анықтау салаларында қызмет атқарды.Кентау қалалық ішкі істер бөлімінің тергеу бөлімінде тергеуші лауазымында, содан 2004 — 2008 жылдар аралығында ОҚО ІІД Тергеу басқармасының ұйымдасқан қылмыстарға қатысты қылмыстарды тергеу бөлімінің тергеушісі лауазымында, 2008 — 2010 жылдар аралығында ОҚО ІІД Арыс АІІБ-нің бастығының тергеу жөніндегі орынбасары лауазымында, 2009 — 2011 жылдар аралығында ОҚО ІІД Шардара АІІБ-нің бастығының тергеу жөніндегі орынбасары лауазымында, 2011 – 2012 жылдар аралығында ОҚО ІІД ТБ-ның жеке тұлғаларға қатысты аса қауіпті қылмыстарды тергеу бөлімінің аға тергеушісі, 2012 жылдың 2020 жылдар аралығында Шымкент қаласы ПД ТБ-ның жеке тұлғаларға қатысты аса қауіпті қылмыстарды тергеу бөлімінің тергеушісі лауазымында, 2020 жылдың сәуір айында Шымкент қаласы ПД Абай АПБ-ның тергеу жөнінде орынбасары, осы жылдың тамызынан желтоқсан айы аралығында Қаратау АПБ-ның Анықтау бөлімінің бастығының орынбасары лауазымында қызмет еткен. Ішкі істер органында қызмет атқару барысында бірнеше рет Департамент, Министрлік тарапынан жоғары көрсеткіштері үшін маратпатталған. 2005 жылы ОҚО, 2008 жылы Республикалық тергеу саласы бойынша Үздік тергеуші лауазымына ие болған.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.