Азат Перуашев, Мәжіліс депутаты: Екі мекеме бизнесті тұншықтыруды ғана біледі
Жемқорлыққа қарсы агенттік пен экономикалық тергеу қызметі. Екі мекеме бизнесті тұншықтыруды ғана біледі. Ал экономикалық қылмыспен күресетін тағы бір агенттіктің құрылуы сұрақты одан бетер көбейтуі мүмкін. Сондықтан жаңа агенттіктің қызметін қайталайтын болса, алдыңғы екеуін қысқарту қажет.
Елімізде осыған ұқсас мәселемен айналысатын екі мемлекеттік орган – Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі және Экономикалық тергеу қызметі бар. Олардың қызметі қандай да жолмен бизнеске қысым жасаумен байланысты. Былтыр “Ақ жол” фракциясының сұрауы бойынша Бас прокуратура 16 заңсыз қылмыстық істі тоқтатты және кәсіпкерлердің заңды құқығын бұзғаны үшін экономикалық тергеу қызметінің 150 адамын жауапқа тартты.
Бір-бірінің қызметін қайталайтын органдардың өкілеттілігін реттемесе, онсыз да пандемияда пайдадан қағылған бизнеске кері әсерін тигізеді.
sn.kz