ТҮРКІСТАНДА «ҚАУІПСІЗ ҚАЛА» ШАРАСЫ ӨТІП ЖАТЫР
Түркістанда тәртіп түзеліп келеді. Бұған «Түркістан — қауіпсіз қала» жобасының тигізер пайдасы мол. 1 қаңтардан бастап рухани шаһарда «Түркістан — қауіпсіз қала» жедел – профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр. Мақсат – айыппұл салу емес, қауіпсіздікті жандандыру. Түкрістан қаласында көлік қозғалысы мен аулалардағы қауіпсіздікті бақылайтын 50 –ге жуық «ақылды» бейнекамералар орнатылған. Жақын уақытта олардың санын көбейту көзделген.
Түркістан қаласы Полиция басқарманың қызметкерлері жыл басынан бері бірқатар құқықбұзушылықтардың жолын кесті. Тәртіпті жіті қадағалайтын полицейлер жол саласына қатысты 7 мыңнан астам әкімшілік құқықбұзушылық анықталған. Ал, нөлдік төзімділік қағидаты бойынша жалпы – 1,5 мыңға жуық әкімшілік хаттама толтырылды.
Кең көлемді шара барысында мас күйінде көлік басқарған 27 азамат анықталған. Олардың үстінен ҚР ӘҚБтК-нің – 608 — бабы бойынша шара қолданылуда. Сот шешімімен олар кінәлі деп танылып, қамауға алынды. Ішімдік ішіп, көлік тізгініне отырғандар 7 жылға көлік басқару құқығынан айырылып, 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алынады.
Тәртіпті күшейту мақсатында Түркістан облысы Полиция департаментінің басшысы, полиция генерал-майоры Қайрат Дәлбеков «Қауіпсіз қала» шарасына облыстық Полиция департаментінің қала, аудан, басқарма, бөлімдері мен жол полициясы қызметкерлерінен жалпы 100-ге жуық полиция қызметкері мен бес автоэкипаж бөлді. Олар қала көлемінде қоғамдық тәртіп, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қылмыстың алдын алу және оны болдырмауға күш салуда.