Кәсіподақ жиыны
Бүгін Шымкент қаласының білім, спорт және бюджеттік мекеме қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Жүзімбаев Мұрат Бекмұратұлының соңғы алты айдағы атқарылған қызметі туралы баяндамасы тыңдалды. Төраға есеп беру кезеңінде атқарылған жұмыстар жөнінде, атап айтқанда қайырымдылық шараларын, кәсіподақ мүшелерін сауықтыру барысын, пандемиямен күрес барысындағы жұмыстары мен ұжымдық келісім-шарт жасасу, марапаттау және мәдени іс-шараларды ұйымдастыру мәселелеріне жан-жақты тоқталды.
Жиналысқа құрметті қонақтар Шымкент қаласының білім басқармасына қарасты №135 жалпы білім беру мектебінің директоры Михеев Берікбай Елтайұлы мен №45 мектеп-гимназиясының директоры Искандерова Рамиля шақырылды.
Өз тарапынан Кәсіподақ аппараты «ТӘУЕЛСІЗДІГІМІЗДІҢ – 30 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ – 30 ИГІ ІС-ШАРА» акциясын бастағандарын, акция барысында қайырымдылықпен басталғандығын айтып өтті. Сондай-ақ кәсіподақ мүшелерін игі бастаманы қолдауға шақырды.
Кәсіподақ ұйымының жаңадан ашылған мектептерді аббаттандыру мен көгалдандыруға ат салысқаны жайында айтылып, кәсіподақтың әр мүшесінің мүддесін қорғауға әркез әзір екендігін, кәсіподақ ұйымдарының беделін көтерудегі шараларды бірлесіп атқаруға шақырды. Кәсіподақ аппаратының заңгері Маймақова Ұлжан Ғаппарқызы бастауыш кәсіподақ төрайымы мен білім ордаларымен үш жақты келісімшарт пен ұжымдық шарттардағы толықтыруларға тоқталып, бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағаларына бірлесіп жұмыс жасауға шақырды. Сонымен қатар, кәсіподақ мүшелеріне тек заңмен, фактімен жұмыс жүргізу қажеттігіне баса назар аударды. Бұдан бөлек, көптеген сұрақтарға жауап берілді. Ұсыныстар күн тәртібіне алынды.
Бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағаларына Жұмыстарыңа табыс пен сәттілік тіледі!