ВАКЦИНАДАН КЕЙІНГІ ИММУНИТЕТ 2 ЖЫЛҒА ДЕЙІН САҚТАЛАДЫ – ДӘРІГЕР

Түркістан облысында 1-15 ақпан аралығында 1110 медицина қызметкері Covid-19-ға қарсы екпе салдырды.  Соңғы бір тәулік ішінде әңірде  коронавирус инфекциясын жұқтырудың 6 жағдайы расталды. COVID-19 инфекциясының күнделікті өсу деңгейі 0,14% құрайды. Пандемия басталғалы бері өңірде 4215 жағдайы тіркелді.  Оның 2704-сі симптомсыз болып, 1 672-і стационарлық ем қабылдады.

Елімізде халықты коронавирус инфекциясына қарсы вакцинациялау 2021 жылғы 1 ақпаннан басталғаны белгілі. 11 ақпанға дейінгі кезеңде ел аумағында 14 мыңға жуық адам егілді. Қауіпті індетке қарсы егілгендер арасында иммундаудан кейін қолайсыз көріністер тіркелген жоқ. Бірақ, ықтимал реакциялар пайда болуы мүмкін – қызару, инъекция орнындағы ауырсыну, температураның жоғарылауы, қан қысымының қысқа мерзімді жоғарылауы және т.б., олар бірнеше сағаттан бірнеше күнге дейін созылады.

Коронавирусқа қарсы вакцинаны 21 күндік аралықпен екі кезеңде енгізу керек. Бірінші доза антиденелердің аз мөлшерін өндіруге байланысты қысқа қорғаныс әсерін береді. Екінші доза біріншісінің әсерін күшейтіп, бекітеді және адам ағзасындағы антиденелер саны артады. Вакцинаның бірінші және екінші дозалары арасында жұқтыру ықтималдығы бар, сондықтан вакцинация кезінде дәрігерлер алдын-алу ережелерін, мысалы, бетперде кию, қолды емдеу, әлеуметтік қашықтық сақтауға шақырады.

«Клиникалық зерттеулерге сәйкес, вакцинациядан кейін алынған иммунитет 1 жылдан 2 жылға дейін сақталады. Сонымен қатар, антиденелер КВИ-дан қалпына келгеннен кейін орташа есеппен 6 ай сақталатыны анықталды. Осылайша, вакцинациядан кейін денені КВИ-ден қорғайтын антиденелер ұзағырақ сақталады деп айта аламыз»,-деп түсіндірді дәрігер-эпидемиолог, ҚР ДСМ ДЗСҰО санитарлық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығының сарапшысы Лена Қасабекова.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.