Шымкент: «Мигрант» жедел профилактикалық іс-шарасы басталды.

Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері қала аумағына заңсыз жүрген шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғаларды, ел аумағынан заңсыз көші — қонды ұйымдастыруға қатысы бар азаматтарды анықтауға, заңсыз көші — қон арналарының жолын кесу және елімізде шетелдіктердің болу қағидаларын бұзуды болдырмау мақсатында ағымдағы жылдың 15 ақпанынан бастап «Мигрант» жедел профилактикалық іс-шарасын өткізуде.
Сондай — ақ аталған іс-шараның барысында төтенше жағдайға байланысты ел аумағынан шыға алмай қалған шетелдіктерді әкімшілік жауапкершілікке тартпай Қазақстан Республикасының аумағынан шығуға ықпал ету.
«Мигрант» іс-шарасы ағымдағы жылдың 19 ақпанына дейін жалғасады.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.