Ішінде ақша бар садақа жәшігін бос жәшікке ауыстырып кеткен шымкенттік анықталды
Ішінде ақша бар садақа жәшігін бос жәшікке ауыстырып кеткен шымкенттік анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz. Ағымдағы жылы 15 ақпан күні сағат 14:15 шамасында Әл-Фараби ауданы Полиция басқармасына Шымкент қаласының тұрғыны арызданған. Ол өз арызында 2020 жылдың 26 тамызында Шымкент қаласы базарлардың бірінің орналасқан ет қатарында, кассасына қойылған қайырымдылық қорының садақа жәшігін белгісіз адам аляқтық жолмен ауыстырып кетіп, ақшасы бар жәшікті алып, орнына бос жәшік қойып кеткен. Ұсақ мөлшерде материалдық шығын келтіргенін көрсеткен. Аталған жайт бойынша Шымкент қаласы ПД Әл-Фараби аудандық Полиция басқармасының №23 учаскелік полиция пунктінің қызметкерлері жедел іс-шараларын жүргізу барысында күдікті адамды анықтап, полицияға жеткізді. Аталған жайт бойынша тексеру жұмыстары аяқталғаннан кейін азаматтың іс-әрекетіне құқықтық баға берілетін болады.