ТҮРКІСТАН ӘУЕЖАЙЫНА БАРАР ЖОЛДЫҢ БОЙЫНДАҒЫ 400 ГЕКТАР ЖЕРГЕ ҚАРА ӨРІК ОТЫРҒЫЗЫЛДЫ

Түркістан әуежайына барар жолдың бойы бау-бақшаға айналып, 400 гектар аумаққа 200 мың түп қара өрік көшеттері отырғызылды. Заманауи бау-бақша израильдік озық технологиясы бойынша тамшылатып суару жүйесімен жабдықталған. Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің тапсырмасымен қолға алынған жобаның нәтижесінде үш жылдан соң 1 гектардан 20 тоннаға дейін өнім алуға болады. Мұнда жергілікті ауа-райына қолайлы қара өріктің Black Splendоr, Black Diamond және Angeleno секілді ең шырынды сұрыптары егілді.

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев жобаның жүзеге асырылуын пысықтады. Бұл аумаққа қосымша қауын егуге болатынын айтып, осыған орай арнайы мамандарды атсалыстыруды тапсырды. Кентау қаласына қарасты Шаға ауылдық округінің аумағына жайғасқан жайқалған бау-бақша «Түркістан» ЭКК» АҚ мен «Dala – Fruit.kz» ЖШС бірлескен күшімен іске асырылуда.

Қаладағы құрылыс алаңдарын аралаған өңір басшысы жаңадан салынып жатқан ғимараттарда болып, құрылысшылармен кездесті. Мәдени-рухани орталықтың қайталанбас үлгісін сақтауды тапсырған облыс әкімі құрылысты белгіленген мерзімге сәйкес тапсыруды жүктеді. Ең алдымен сапаға баса мән беруді міндеттеді.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.