ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА БОКСТАН ҚР АЙМАҚТЫҚ ЧЕМПИОНАТЫ ӨТТІ

Шардара ауданында  бокстан 2007 -2008 жылы туылған  жасөспірімдер арасында бокстан Қазақстан Республикасының аймақтық чемпионаты өтті. Тартысты әрі қызықты өткен дүбірлі додада жеңіс тұғырынан көрініп, Шардара ауданының мерейін өсіріп,  42 келі салмақ дәрежесінде Нұртас Ералы  алтын алқаның иесі атанды.

 

Сонымен қатар, 44 келі салмақ дәрежесінде  Елнұр Оралбай күміс алқа , 46 келі салмақ дәрежесінде Бекжан  Бахрам қола алқаны  қанжығасына байлады.  Командалық есепте  Түркістан облысының командасы І орынды иемденіп жеңіс тұғырынан көрінді.  ІІ орынды  Жамбыл облысының командасы, ІІІ орынды  Шымкент қаласының командасы иемденді.

Қазіргі уақытта облыс спортшылары сәуір айында Атырауда өтетін ел чемпионатына қызу дайындалуда.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.