ТҮРКІСТАН: БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНДАҒЫ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ БОЙЫНША БІРЛЕСКЕН ЖИЫН ӨТТІ

Облыс әкімінің орынбасары Ұлан Тәжібаев пен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаментінің басшысы Хаким Көшқалиевтың төрағалығымен білім саласындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында мемлекеттік органдардың бірлескен жиыны өтті. Шараға облыстық Төтенше жағдайлар жөніндегі, Полиция, Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменттерінің басшылары, облыстық Адами әлеуетті дамыту басқармасының басшысы Рахымбек Жолаев пен облысқа қарасты білім беру ұйымдарының басшылары қатысты.
Алқалы жиында Агенттіктің тәулік бойы тегін қызмет көрсететін 1424 call орталығына 2020 жылы Түркістан облысы аумағынан білім беру саласына қатысты 21 шағымның келіп түскендігі атап өтіліп, бірқатар қала/аудандардың білім беру мекемелерінде орын алған жайттар ортаға салынды. Орын алатын олқылықтар негізінен мекеменің қажеттілігі үшін, антисептик алу, олимпиададан жүлделі орын беру, аттестаттаудан өткізу, білім саласында жүргізілетін тексерулерге байланысты, сертификат және диплом беру, мемлекеттік сатып алуды өткізу барысында жиі орын алатындығы айтылды.
Жиын соңында мектептерде санитарлық нормалардың, өрт қауіпсіздігінің сақталуы сынды тексерулердің негізінде мектеп директорларына салынатын айыппұлдың көлемі сыбайлас жемқорлық көріністерін туындатуы ықтимал екендігі талқыланып, ол бойынша нормативтік актілерге бекітілген белгілі бір талаптарға өзгерістер енгізу үшін алдағы уақытта Парламент депутаттары мен Министрлік өкілдерін қатыстыра отырып, жүйелі проблемаларды жан-жақты талқылау және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша келелі жиын өткізу жоспарланды.
Айта кетсек, егер Сіз қандай да бір сыбайлас жемқорлық көріністеріне ұшырассаңыз, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің тәулік бойы тегін қызмет көрсететін 1424 сенім телефонына қоңырау шалуға болатынын хабарлаймыз!

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.