«ЕЛ ТІРЕГІ — ЕЛБАСЫ» АКЦИЯСЫ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА БАСТАУ АЛДЫ

«Халық» қайырымдылық қоры «Ел тірегі — ЕЛБАСЫ» атауымен кең ауқымды қайырымдылық акциясын бастады. Бұл жолғы шара Қазақстан үшін елеулі мереке – Тәуелсіздіктің 30 жылдығымен тұспа-тұс келді. Түркістан облысында ерекше қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеп отырған 2 000 аз қамтылған отбасын қамту жоспарланған. Аудандар мен қалалардың жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері ауылдық округтердің әкімдіктерімен және «Халық» Қорының өкілдерімен бірлесіп, осы азық-түлік жиынтығын әрбір алушыға жеткізуді қамтамасыз етеді.
Елімізде бастау алған шара аясында «Халық» қайырымдылық қоры әрқайсысының салмағы 50 келіден асатын 15 мыңнан астам азық-түлік себетін ұйымдастырды. Қазіргі уақытта азық-түлік себеттері өңірлік әкімдіктер ұсынған тізімдерге сәйкес еліміздің барлық өңірінде отбасыларға таратылуда.
Аталған қор пандемияның алғашқы күнінен бастап, жан — жақты қамқорлық көрсетуде. «Халық» қайырымдылық қоры кәсіпкерлер мен қайырымдылық ұйымдарының өкілдеріне «Ел тірегі – Елбасы» акциясын қолдауға шақырады. Мұндай акция биыл бірнеше рет ұйыдастырылады деп жоспарланып отыр.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.