«ПРОБАЦИЯ» АТТЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ІС-ШАРА ӨТУДЕ
2021 жылдың 15 наурызы мен 24 наурызы аралығында «Пробация» атты про-филактикалық іс-шара басталды.
Аталған іс-шараны өткізу барысында Шымкент ҚПД Еңбекші АПБ-ның ЖПҚ қызметкерлерімен, Шымкент қалалық ҚАЖД-ға қарасты Шымкент қалалық №1 Пробация қызметі қызметкерлерімен тіркеуде тұрған сотталғандарды мекен-жайларын күшейтілген кестеге сәйкес тексерулер ұйымдастырылып, жаза өтеуден жалтарып жүргендерді іздестіру жұмыстары атқарылады.
Мұндай бірлескен іс-шаралар республика көлемінде тоқсан сайын өткізіліп тұрады. Өткізіліп жатқан іс-шараның мақсаты қоғамнан оқшаулаусыз жазаларға сотталғандар тарапынан жасалған құқық бұзу-шылықтардың және қылмыстардың алдын алу, жаңадан құқық бұзушылық жасаудың алдын алу, сотталғандарды оң жолға бағыттау болып табылады.
М.Оразалиева,
Шымкент қалалық №1 Пробация қызметі бөлімі аға инспекторы,
әділет аға лейтенанты.