Мұхтар ТАЙЖАН: Аш адамда намыс бола ма?
Ұлтқа қатысты шешімін таппаған мәселе көп, ең алдымен денсаулыққа мән берілуі тиіс. Болашағымыз – балаларымыздың тәрбиесіне, оқуына мұқият көңіл бөлінуі керек. Тұрмыс тауқыметімен несиеге кіріптар болған азаматтар баласын оқыту үшін, басқа да материалдық жағдайын түзету үшін қарызға белшесінен батады. Несиге бату – қоғамдағы кедейліктің көрсеткіші.
Ең сорақысы – елде өндіріс орындарының жоқтығынан кедейлік пен жұмыссыздықтан көз аша алмаудамыз. Кедейшілік халықты намысынан айырып жатыр. Аш адамда намыс бола ма? Өкінішке қарай, кедей адам құлға айналады, себебі несие алуға мәжбүр болады.
Кедейліктің астында қалдық, білім беру нашарлады, жастар Әлихан атасын, Бауыржан батырды танымайды. Үшінші әлемдегі кедей елге айналмай, дамыған өркениетке ұмтылуға мүмкіндігіміз бар, жеріміз бай, қазақ еңбекқор халық, болашақ өз қолымызда. Дарынды жастар өсіп келеді. Жер тағдыры – халық тағдыры. Қазақстан жерінің кеңдігімен емес, оны игеріп, игілігін көруімен мақтануы тиіс.
«D»