Жазасын өтеушілердің тәртібі түзеліп келеді

Түзеу мекемелерінде жұмыс істеудің өз қиындығы бар. Қылмыскерлерді түзу жолға түсіру әркімнің қолынан келе бермейді. Сол себепті, қызметкердің бір жылдық еңбек өтілі біржарым жылға есептеледі. Кей жағдайда сотталғандар өз жазасын жеңілдету үшін «қызмет бабын асыра пайдаланды» деп арызданады. Мұндай шағымдар болса, өзіндік қамтамассыз ету тобының қызметкерлері қызметтік тексеру жүргізеді. Соңғы жылдары мұндай деректер орын алған жоқ. Сотталғандар қамауда отырып, бостандықтағыдай емін-еркін өмір сүргісі келеді, тыйым салынған заттар мен есірткі қолданып немесе спирттік ішімдіктер ішкісі келеді. Және оған қоса түзеу мекемесінде отырған сотталғанның қолына ұялы телефон түссе, олар жәбірленушіге хабарласып жазасын жеңілдетуін сұрауы немесе оны қорқытып, талап етуі мүмкін. Не болмаса, түзеу мекемесінде отырып, ұялы телефон байланысы арқылы басқада қауіпті қылмыстарды ұйымдастыруы мүмкін. ҚАЖ қызметкерлері аталған қылмыстардың алдын алуға тырысады. Жалпы, құқық қорғау органдарында жұмыс істеуге көп азаматтар қызықпайды. Оның себебі де түсінікті: 600-ден астам қылмыскер отырған жерде бір тәулік жұмыс істеп шығу үшін де үлкен рух керек. Қызметкерлер мен жазасын өтеуші сотталғандарға қолайлы жағдай жасау үшін, түзеу мекемесінде жыл сайын жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Қазіргі уақытта түзеу мекемелеріне заманауи цифрлық бейне бақылау жүйесі орнатылған. Осы бейне бақылау жүйесі арқылы сотталғандардың заңға қайшы істеген іс-әрекетерінің алды алынады.

    Б.Джунисбеков,

 ИЧ-167/3 түзеу мекеме бастығы әділет подполковнигі.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.