Қаратау аудандық полицейлері көпір салып, ақсақалдардың батасын алды.

Көпір салу – халыққа берері мол игілікті жұмыс. 2021 жылдың 6 сәуір күні Шымкент қаласы Нұртас мөлтекауданы Төретам көшесінің тұрғындарының өтінішімен үлкен трассаға қосылатын үлкен арықтан көп адамдар өте алмай жүретін. Осыған орай, Шымкент қаласы Полиция департаменті Қаратау аудандық полиция басқармасы №68 учаскелік полиция пунктінің полиция қызметкерлері халықтың өтініші бойынша үлкен жолға тікелей шыға алатын автокөлік және жаяу жүргіншілер өтетін көпір салып берді. Өз кезегінде, ауыл ақсақалдары полицейлерге алғысын білдіріп, риза болды. Сауапты іс жасаған тәртіп сақшыларына үлкен кісілер батасын беріп, жұмыстарына сәттілік тіледі.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.