Шымкентте Көші-қон қызметінің қызметкерлері 36 жастағы азаматқа куәлік алуға көмектесті
Полиция қызметкерлері «Сана сезім» Әйелдер бастамаларының құқықтық орталығы» қоғамдық бірлестігімен бірлесе отырып, жеке басын куәландыратын құжаттарсыз тұратын мәртебесі заңмен реттелмеген адамдарды анықтап, оларға Қазақстан Республикасы азаматының құжатын немесе азаматтығы жоқ адамның куәлігін ресімдеу бойынша акция өткізуде.
Аталған акция аясында Еңбекші ауданының Полиция басқармасы көші-қон қызметі бөлімінің қызметкерлері 36 жастағы тұрғынға азаматтығы жоқ адамның куәлігін алуға көмектесті.
Олег Тен РФ Краснодар өлкесінің тумасы. 1992 жылдан бастап Қазақстан Республикасының аумағында тұрады. Оның айтуынша, туылғаннан бері ешқандай құжаты болмаған. Еңбекші АПБ көші-қон қызметі бөлімінің қызметкерлері «Сана сезім» ӘБҚО өкілдерімен бірге оған туу туралы куәлік рәсімдеп, барлық қажетті құжаттарды толтыруға және жинауға көмектесті. Осылайша, Олег Леонидович қысқа мерзімде азаматтығы жоқ адамның куәлігін алды.
«Көші-қон полициясына және «Сана сезімге» құжаттарымды рәсімдеп бергені үшін алғысымды білдіргім келеді. Мен көп жылдар бойы жұмыс таба алмай, лайықты өмір сүре алмадым. Маған азаматтығы жоқ адамның куәлігін алуға көмектескен барлық жандарға алғысымды білдіремін. Үлкен рахмет! Барлығын тегін істеп берді. Көмектеріңіз үшін өте ризамын.»- дейді Олег Тен.