Алтын бұйымдарын ұрлап кеткен азамат анықталды
2021 жылдың 8 сәуірінде Қаратау аудандық полиция басқармасының 102 арнасы арқылы, жергілікті жердің 56 жастағы тұрғыны арызданған. Ол өз арызында белгісіз тұлға үйінің терезесін ығыстыру арқылы кіріп, жатын бөлмеде тұрған құны 90.000 теңге және құны 120.000 теңге тұратын 2 дана алтын комплектісін, құны 200.000 теңге тұратын 2 дана ерлер алтын сақинасын, құны 40.000 теңге тұратын неке жүзігін, құны 50.000 теңге тұратын әйелдер жүзігін, құны 15.000 теңге тұратын балалар сырғасын және 25.000 теңге ақшасын ұрлап кеткенін жазып көрсеткен. Жалпы құны 500 мың теңгеден астам материалдық шығын келтірген.
Қаратау аудандық полиция басқармасы Криминалды полиция бөлімінің қызметкерлерінің тыңғылықты жұмысының арқасында Шымкент қаласының 33 жастағы тұрғыны анықталып, ұсталды. Тексеру жұмыстары жүргізілуде.