ӘКІМШІЛІК ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАР ТУРАЛЫ ЗАҢҒА ЕНГІЗІЛГЕН ӨЗГЕРІСТЕР ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

Бүгін Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаменті жанынан құрылған ақпараттық — ағартушылық Штаб төрағасы Ерұлан Тұңғышбаев Түркістан қаласында орналасқан Ақжайық музыкалық мектебінде болып, адалдық идеялогиясын ілгерілету және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша ұжым қызметкерлерімен кездесу өткізді.

Ең алдымен, штаб төрағасы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы Кодексіне енгізілген өзгерістерді хабарлап, бүгінгі күні Агенттіктің қызметінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға басымдық берілгенін мәлімдеді.

Сондай-ақ, Агенттік жұмысының ашықтығы мен тиімділігін түсіндіріп, тұрмыстық жемқорлықты жоюда әрбір ел азаматы жұмыла күресу қажеттілігін алға тартты.

Кездесу соңында парақорлық деректерінің алдын алу және адал қоғамды қалыптастыру бойынша ұсыныстар айтылды.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.