Иісшіл иттің көмегімен велосипед ұрлығы ашылды
Ағымдағы жылы 16 сәуір күні Шымкент қаласы Полиция департаменті Әл-Фараби ауданы Полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданды. Азаматша белгісіз біреу көпқабатты тұрғын үйдің ауласында тұрған екі велосипедін ұрлап кеткенін хабарлаған.
Орын алған ұрлықты ашыу мақсатында Әл-Фараби ауданы Полиция басқармасының қызметкерлері Кинологиялық қызмет орталығының «Грэй» қызметтік-іздестіру итінің
көмегімен жедел-іздестіру шараларын жүргізген.
Нәтижесінде иісшіл иттің көмегімен ер адам анықталып, ұсталды.Тексеру амалдары жүргізілуде.
Осылайша тәртіп сақшыларының сенімді серіктеріне айналған қызметтік ит қылмысты ізін суытпай ашуға көмектесті.
Өз кезегінде полицейлер велосипедтерді ұрылар құрбанына айналдырмас үшін ұрлыққа қарсы сапалы велоқұлыптар мен шынжырларды міндетті түрде пайдалануға кеңес беріп, азаматтарды өз мүлкіне мұқият қарауға шақырады.