Сыбайлас жемқорлыққтың алдын алу және жою мақсатында жедел кеңес өтті

Елімізде қазіргі таңда  сыбайлас жемқорлыққа қарсы сапалы түрде жұмыс атқарылып жатыр. Түзеу мекемелерінде де сыбайлас жемқорлықты болдырмау мақсатында жеке құраммен жазасын өтеп жатқан сотталғандар арасында кеңінен түсіндерме жұмыстар жүргізіліп отырады.

Осы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және болдырмау мақсатында 14.04.2021жылы ИЧ-167/3 түзеу мекемесінің орынбасары Н.Фазыловтың ұйымдастыруымен жеке құрам қызметкерлеріне арнайы жедел кеңес өткізілді. Жедел кеңесте қызметкерлермен сотталғандар арасында заңсыз іс-әрекеттерге бармау және пара берумен пара алудың заң шеңберінде қандай жаза қолданатынын айтып өтті.

Оған қоса жеке құрам қызметкерлеріне сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу үшін арнайы  қүзыретті органдардан мамандарды шақырып сыбайлас жемқорлыққа қарсы дәрістер  бейнероликтерді жеке құрамға көрсетіп әрі талқылап түсіндірме жұмыстар жүргізілді.

                                                   Н.Фазылов,

                        ИЧ-167/3 түзеу мекемесі мекеме бастығының орынбасары әділет майоры.

                                                      

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.