Безгектен сақтаныңыз!!!

Безгек (малярия) — ауру адамнан сау адамға безгек масаларының шағуы арқылы берілетін паразитарлық ауру, безгекті қарапайымдылардың Plasmodium түрі тудырады. Клиникасында ұстамалы қызба, гипохромды анемия,  бауырдың ұлғаюы.Инфекция көзі: ауру адам, тасымалдаушы Anopheles тұқымдас масалары. Масалар ауру адамды шағып кейіннен сау адамды шаққан кезде қанмен жұқтырады. Безгектің  белсенді ошақтары ыстық және жылы тропикалық елдерде: Оңтүстік-Шығыс Азия, Орталық және Оңтүстік Америка, Африка, ТМД — ӘзірбайжанӨзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстанда. 

Безгек ұстамасы әдетте 3 сатыдан тұрады:

1.Безгек қалтыраудан басталады және бас жиі ауырады. Науқас 15 минуттан 1 сағатқа дейін қалтырайды.

2.Қалтырау ыстықтың көтерілуіне жалғасып, ол 40°-қа дейін және одан да жоғары көтеріледі. Адам әлсірейді, терісі қызарады, сандырақтайды. Ыстық бірнеше сағат немесе күн бойы сақталады.

3.Ақырында адам малшына терлейді және ыстық түседі. Ұстамадан кейін адам әлсірейді, бірақ өзін біршама сергек сезіне бастайды.

  • Әдетте адамда безгек кезінде әр 2—3 күн сайын қызу болады, ал ұстама басталатын кезінде қызу күн сайын қайталайды. Ыстықтың түсуі мен көтерілуі оқтын-оқтын өзгеріп тұрады Сондықтан себепсіз ыстығы көтерілген әрбір адам қанын безгекке тексерту керек.
  • Созылмалы безгек көбіне талақтың үлкеюі мен қанның азаюына себепші болады.
  • Жас балаларда беттің бозаруы мен қанның азаюы бір-екі күннен кейін басталады. Бұл жағдай безгек миды зақымдаған кезде болады (церебральды безгек), қызба үстамасы естен тану ұстамасына жалғасады. Науқастың қолы көгіс тартады, демалысы жиілеп, тереңдейді.

Алдын алу жолдары

  1. Безгектен қорғанудың ең қарапайым жолы- масаны денеге жолатпау болып табылады. Безгек масалары адамды түнгі уақытта шағады, сондықтан қараңғы түскеннен кейін  үйге кіру қажет.  Кеш уақытында  денені толық жауып тұратын киімдерді киіп, терінің ашық қалған жерлеріне репелленттерді жұқа етіп жағу керек.
  2. Безгектен сезіктенсеңіз жедел дәрігерге қаралыңыз.
  3. Егер сіздің отбасы мүшелерінің бірінің ыстығы көтерілсе, емдеу мекемелеріне бұл жөнінде хабарлап айтыңыз және олардың қан алып, анализ жасауына мүмкіндік жасаңыз.
  4. Безгекке қарсы күрестің барынша тиімді түрі-науқасты және паразит тасымалдаушыны ерте анықтау болып табылады. Сондықтан, Қазақстанға безгек бойынша қолайсыз елден қайтып келгеннен кейін тұрғылықты жері бойынша учаскелік дәрігерге безгек ауруы бойынша  эндемиялық елден келгендігі туралы хабарлап, дене қызуы көтерілген жағдайда бірден  емдеу алдын алу мекемелеріне барып, қанды безгек ауруына тексерту қажет.
    Алдын алу ережелерiн бұлжытпай орындаған жағдайда ғана, өзіңізді безгек ауруын жұқтырудан сақтауға болатынын естен шығармаңыз!

 

Б.Идияева, 

Шымкент қаласы Қаратау ауданы Санитариялық-эпидемиологилық бақылау басқармасы  эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің бас маманы.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.