ТЕКСЕРІС БАРЫСЫНДА СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНЕ ЖОЛ БЕРІЛМЕУІ ТИІС
Ағымдағы жылдың 21 сәуірі күні Түркістан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Нұрбек Нышановтың төрағалығымен сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған мақсатты жиын болып өтті.
Шараға Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаменті басшысының бірінші орынбасары Мирас Қарғабай және Департаменттің басшылық құрамы мен ұжым қызметкерлері қатысты.
Бармақ басты, көз қысты әрекеттерге жол бермеу мәселелері қозғалған жиында Мирас Асқарбайұлы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарына жол берген лауазымды тұлғаларға көрілетін жауапкершіліктің қатаңдатылғанын ескертті.
Ол өз кезегінде күшіне енген ҚР Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы Кодексіне енгізілген өзгерістерге сәйкес, Агенттіктің құзіреттілігі кеңейгендігін мәлімдеп, ол бойынша енгізілген толықтырулармен таныстырды.
Бұдан бөлек, бірінші басшының тікелей бағынышты тұлғасына қатысты жеке жауапкершілігін сөз етіп,
қол астындағы қызметкерінің сыбайлас жемқорлық қылмысы үшін лауазымды тұлғаның отставкаға кететіндігін екшелеп жеткізді.
Жиын соңында Департамент басшысының бірінші орынбасары карантин режимінің сақталуын қамтамасыз ету барысында сыбайлас жемқорлықтың туындауына жол бермеу қажеттігін қатаң ескертіп, ұжым қызметкерлерін адалдық идеялогиясын қалыптастыруда бірлесе жұмыс істеуге шақырды.