ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «ДӘРІГЕРЛЕРДІ АРДАҚТАЙЫҚ!» АКЦИЯСЫ ӨТІП ЖАТЫР

Түркістан облысында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 30 жыл толуына орай «Nur Otan» партиясының «30 игі іс» жобасы аясында «Дәрігерлерді ардақтайық!» қайырымдылық акциясы өтіп жатыр. Бүгін бұл акция Түркістан қаласында Түркістан облыстық «Jas Otan» ЖҚ ұйымдастыруымен жалғасын тапты.
Жасотандықтар Түркістан қалалық ауруханасы жанындағы «Жұқпалы аурулар» бөлімі және облыстық потология және анатомиялық бюро қызметкерлеріне арнап азық-түлік себеттерін тапсырды. Бұл іс-шара «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының орынбасары, маслихат депутаты Калыйма Жантөреева, Түркістан қалалық маслихатының депутаттары Жансерік Жұман және Угилжан Васитованың қолдауымен өтті. Акцияға жалпы саны 20-дан астам белсенді қатысты. Жауапкершілігі мол мамандық иелері бір сәт жастар энергиясынан қуат алып серпіліп қалды.
«Елімізде пандемия әлі тоқтаған жоқ. Өкінішке қарай, облыс аумағында қауіпті індетке шалдыққандар саны көбейіп жатыр. Біз осы ретте қиындықпен бетпе-бет жүздесіп, дәрігерлер қауымына қолдау көрсетуді жөн деп таптық. «Nur Otan» партиясының облыстағы барлық аудан, қалаларында осындай акциялар қолға алынған. Жасотандықтар «Дәрігерлерді ардақтайық!» жобасы аясында дәрігерлерге құрмет көрсетіп жатыр», – дейді Калыйма Жантөреева.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.