ЖЕР ҚОЙНАУЫН ЗАҢСЫЗ ПАЙДАЛАНҒАНДАРҒА 22 МЛН-ҒА ЖУЫҚ АЙЫППҰЛ САЛЫНДЫ

Түркістан облысы Келес ауданында жергілікті әкімдік қызметкерлері мен Келес  аудандық Полиция бөлімінің Табиғатты қорғау инспекциясы бірлесе жүргізген рейд барысында Келес өзенінінен заңсыз тас шығарған азаматтарды анықтады. Полиция тәртіп бұзушылардан 5 дана дроглайн көлігін тәркілеп, заңды шешім қабылданғанға дейін айыптұрағына қойды. Қоршаған ортаға келтірілген залалды бағалау үшін жиналған материалдар экология департаментіне жіберілді.
Жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу кезінде полиция қызметкерлері тарапынан ҚР ҚК 334-бабы «Жер қойнауын өз бетімен пайдалану» бойынша  өткен жылы 21 әкімшілік құқықбұзушылық анықталып, тәртіп бұзушыларға 21 миллион теңгеге жуық әкімшілік айыппұл салынды. Жыл басынан бері анықталған 3 құқықбұзушылық дерегі бойынша кінәлітер 500 мың теңгеге жуық айыппұл төлеуге тура келеді.  Бұл бағыттағы рейдтік іс-шаралар жалғасын табады.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.