ШЫМКЕНТТЕ 250-ГЕ ЖУЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕЛЕР «OPEN SPACE» ФОРМАТЫНДА ЖҰМЫС ЖАСАУДА
«Шымкент-адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің кураторы, қала әкімінің бірінші орынбасары Ш.Мұқанның төрағалығымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша жиын өтті.
Шараға Абай, Әл-Фараби, Еңбекші, Қаратау аудандарының әкімдері мен орынбасарлары, Жобалық кеңсе басшысы Ж.Қамбар қатысты.
Күн тәртібіндегі басты мәселе – Жобалық кеңсе тарапынан тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты жою, ашықтықты қамтамасыз ету мақсатында атқарылған жұмыстарды талқылау.
Онлайн жиында «Шымкент-адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы Жани Қамбар ағымдағы жылдың 3 айында атқарған жұмыстарымен таныстырды. Мемлекеттік органдардың ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында қолға алынған жұмыстарға тоқталған Ж.Қамбар қаладағы 235 мемлекеттік мекемелер, оның ішінде 14-і жыл басынан бастап «Open Space» форматына көшкендігінен хабардар етті. Жобалық кеңсе жұмысы да ашық форматта жүзеге асырылып отырғандығын жеткізді.
Жалпы Шымкент қаласы бойынша 296 мемлекеттік мекеме басшылары бірінші қабатқа кең бөлмелерін босатып, кіші бөлмелерге көшкен.
Қаладағы аудан әкімдіктерінің Ашық әкімдік форматында жұмыс жасау барысына тоқталып, орын алған кемшіліктерді жою бойынша ұсыныс енгізді.
Жобалық кеңсе басшысының айтуынша қала ұстаздарының құқықтарын қорғау және педагогтік әдеп мәселелері бойынша қалалық білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті жанынан Консультативтік-кеңесші орган құрамына еніп, қысқа мерзім ішінде 3 жалпы білім беру мекемесінде заңсыз қаржы жинау фактілерінің тоқтатылғандығынан хабардар етті.
Сонымен қатар, білім саласындағы сыбайлас жемқорлық деңгейін анықтау мақсатында ЖОО мен орта арнаулы оқу орындары студенттері арасында сауалнама жүргізіп, сауалнамаға 20 мыңға жуық жас қатысқан.
Сонымен қатар, шара барысында жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық олимпиаданың нәтижелері, пандемия жағдайына байланысты тұрғындарға қажетті дәрі-дәрмектер мен ауруханалардағы төсек орындарының тапшылығын және заңсыз бағалардың көтерілуін болдырмау мақсатында дәріханалар мен қоймаларға жасалған мониторинг қорытындылары мен тұрғындармен тиімді қарым-қатынас баяндалды.
Шара соңында Шыңғыс Мұқан аудан әкімдеріне жемқорлықтың алдын алу, ашықтықты қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды жандандыруды, Жобалық кеңсемен бірлесе жұмыс жасауды тапсырды.