Бұл дегеніміз – жемқорлыққа саналы түрде жол берілді деген сөз
Екатерина НИКИТИНСКАЯ, ҚР Парламенті «Ақ жол» фракциясының мүшесі:
Осылай кете берсе бірнеше жылдан соң қарттар қоржынының түбі көрінері анық, сөйтіп зейнеткерлер қаражатсыз қалуы ғажап емес. Сөйте тұра басқарушы компанияларға 33,6 млрд. теңге сыйақы төлепті. Келтірілген деректер бойынша 13,6 млрд. теңге қордың әкімшілік шығындарына жұмсалған. Бұл дегеніміз – жемқорлыққа саналы түрде жол берілді деген сөз. «Ең қауіптісі, Ұлттық банк пен Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры басшылығы инвестициялық саясатты өзгертуге құлықты емес. Осыған қарап, әлеуметтік-медициналық сақтандыру қорын да осы проблемалар күтіп тұрғанын түсіну қиын емес. Мұндай қорлардың қаражаты бюджеттің жыртығын жамауға жұмсалады немесе лауазымды тұлғалардың бас пайдасына кетеді деп күдіктенуге толық негіз бар. Қазіргі болып жатқан жағдай қаржы құрылымдарына деген сенімді түбегейлі жоюға әкелері сөзсіз.
«ҚҮ»