КЕЗЕКТІ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУ МАҚТААРАЛ АУДАНЫНДА ӨТТІ

Ағымдағы жылдың 29 сәуірі күні Мақтаарал ауданына арнайы жұмыс сапарымен барған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаменті басшысының бірінші орынбасары Мирас Қарғабай Мемлекет басшысының «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» концепциясын тиімді жүзеге асыру мақсатында жеке және заңды тұлғаларды қабылдады.

Қоғамдық қабылдау барысында аудан тұрғындары көкейтесті мәселелерін қаузап, талап-тілектері мен уәждерін жеткізді.

Көтерілген мәселелердің басым бөлігі білім беру, жол құрылысы және жер қатынастары және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы саласына байланысты болды.

Департамент басшысының бірінші орынбасары аталған мәселелерді мұқият тыңдап, ақпараттық және құқықтық кеңестерін білдірді.

Айта кетейік, Департамент басшысының бірінші орынбасары облысқа қарасты қала/аудандарда болып, тұрақты негізде халықпен кері байланысу арқылы аталған тұжырымдаманы тиімді жүзеге асырып келеді.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.