Шымкентте абаттандыру ережелерін бұзған азамат жауапкершілікке тартылды
Қазіргі таңда мекемелердің, кәсіпкерлік объектілерінің аумағында және үй аулаларында белгіленбеген жерге қоқыс тастау және құрылыс материалдарын төгу жайттары жиі кездеседі. Осыған байланысты Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері қаланың абаттандырылуын бақылау бойынша тұрақты түрде профилактикалық іс-шаралар жүргізеді.
Ағымдағы жылдың 4-мамырында өткен кезекті рейд барысында Әл-Фараби ауданы Полиция басқармасының қызметкерлері Т.Айбергенов көшесінің бойына құрылыс қиыршық тасын төккен азаматты анықтады.
Аталған жайт бойынша құқық бұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 505-бабымен (Қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзу, сондай-ақ қалалар мен елді мекендердің инфрақұрылым объектілерін бұзу, жасыл екпелерін жою және бүлдіру) әкімшілік хаттама толтырылды.
Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері тұрғындарды қаланың тазалығын сақтауға шақырады, сондай-ақ абаттандыру ережелерін бұзған азамат тиісті жауапкершілікке тартылатынын ескертеді.