Қаратау ауданында интернет-алаяқтық жайты анықталды

2021 жылдың 6 мамырында Шымкент қаласы Қаратау аудандық полиция басқармасының «102» телефонына 40 жастағы қала тұрғыны арызданған. Ол өз арызында белгісіз тұлға қоңырау шалып, сеніміне кіріп, интернет желісі арқылы есеп-шотынан, оның рұқсатынсыз 200.000 теңге ақшасын алдап алғанын көрсеткен.
Қаратау аудандық полиция басқармасының Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлерімен күдікті азамат анықталып, басқармаға жеткізілді. Тексеру жұмыстары жүргізілуде.
Естеріңізге сала кетейік, банктер болсын, құқық қорғау органдары болсын, еш уақытта сізге телефонмен хабарласып немесе мессенджермен жазып, логин, пароль секілді құпия мәліметтерді сұрамайды. Тіптен, қажет болған жағдайда, банк қызметкері сізге хабарласып, бар мәселені нақтылау үшін «біздің кез-келген бөлімшемізге келіп кетіңіз», — деп өтінуі мүмкін.
Өз кезегінде, Шымкент қаласы Полиция департаменті азаматтарға алаяқтың құрбаны болмас үшін, жеке басыңызға қатысты мәліметтерді телефон арқылы айтуға, интернет желісі арқылы ешкімге жарияламауға шақырады.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.